Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ауғанстан билігі АҚШ-тың «Аль-Каида» жетекшісіне  соққы жасаған жерінен мәйітті таппады

НҰР-СҰЛТАН, 06 тамыз. Ауған билігі Кабулда «Әл-Қаида» жетекшісі Айман әз-Завахириге америкалық зымырандық шабуыл жасаған жерден мәйітті таппады, деп хабарлады «Талибан»* қозғалысының өкілі Забихулла Муджахид. Бұл туралы РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

Бұған дейін «Талибан» қозғалысы Айман әз-Завахиридің қайда екені туралы ешқандай ақпарат жоқтығын мәлімдеген.

Забихулла Муджахид журналистерге: «Біз американдық ұшқышсыз ұшатын аппараты соққы жасаған  жерден ешбір мәйітті таппадық», — деді.

Бұған дейін Wall Street Journal газеті АҚШ әкімшілігінің жоғары лауазымды қызметкеріне сілтеме жасай отырып, соңғы айларда әз-Завахиридің Кабулдың орталығында Ауғанстанның ішкі істер министрі міндетін атқарушы Сиражуддин Хакканидің үйінің жанында тұрып жатқанын жазған.Басылым дереккөзінің хабарлауынша, әз-Завахири 2021 жылдың күзінде Кабулға көшіп, Хакканидің қорғауында өмір сүрген.

Ақ үй АҚШ-тың 30 шілдеде Кабулда терроризмге қарсы операция жүргізгенін, соның нәтижесінде Усама бен Ладен қайтыс болғаннан кейін топты басқарған әз-Завахиридің көзі  жойылғанын растады. Ақ үйдің хабарлауынша, әз-Завахири ұшқышсыз ұшатын аппараттан атылған екі Hellfire зымыранымен жойылған.

* Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *