Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қазақстан мен АҚШ аймақтық қауіпсіздікті талқылады

НҰР-СҰЛТАН, 06 тамыз.ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллиннің Вашингтонға жұмыс сапары өтті, оның барысында тараптар екіжақты және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті тақырыптар бойынша «сағаттарды теңестірді», деп ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

Ақ үй, АҚШ Мемлекеттік департаменті және Халықаралық діни сенім бостандығы жөніндегі комиссиясының өкілдерімен өткен кездесулерде Қазақстандағы саяси реформалар мен демократиялық өзгертулердің барысы, аймақтық қауіпсіздік, ядролық қаруды таратпау, COVID-19 пандемиясымен әрі қарай күресудегі күш-жігер, сондай-ақ алдағы Нұр-Сұлтанда өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі сияқты кең ауқымды мәселелер талқыланды.

Тараптар ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің кеңейтілген стратегиялық серіктестікті жандандыруға айтарлықтай серпін берген АҚШ-қа жақында болған сапарын оң бағалады.

А.Рахметуллин еліміздің адам құқықтарының, оның ішінде діни сенім бостандығын қамтамасыз етудің әмбебап қағидаттарына бейілділігін атап өтті. Америкалық тарап саяси реформаларды ілгерілетуге көмектесуге дайын екенін білдірді.

Қазақстандық дипломат ядролық қарусыздану және таратпау, сондай-ақ аймақтық қауіпсіздік саласындағы, оның ішінде Ауғанстандағы жағдай жөніндегі мәселелерге ерекше назар аударды.

Екі тараптың өзара ықылас туғызатын мәселелер бойынша диалогты жалғастыру туралы келісімге қол жеткізілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *