НҰР-СҰЛТАН, 10 тамыз.Везиристандағы жанкешті шабуылда 4 сарбаз қаза тапты, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.
Везирстанның солтүстік аймағында әскери керуенге жасалған жанкешті шабуылда 4 сарбаз қаза тапты.
Пәкістан армиясынан жасалған мәлімдемеде Мир Али аймағында әскери керуен өтіп бара жатқанда жанкешті шабуыл жасалғаны атап көрсетілді.
Лауазымдылар шабуылда 4 әскердің қаза тапқанын мәлімдеді.
Премьер-министр Шахбаз Шариф Твиттердегі аккаунтынан жасаған мәлімдемеде шабуылды айыптап, елінің террор қаупін жоюға бел байлағанын тілге тиек етті.