Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Алматы полициясы қалалық сот ғимаратындағы тексерісті аяқтады

АЛМАТЫ, 15 тамыз. Алматы қалалық сотының ғимаратында тексеру аяқталды. Жарылғыш зат табылмады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қазыбек би көшесіндегі қалалық сот ғимаратында жедел-іздестіру шаралары аяқталды. Ақпарат жалған болып шықты. Қазіргі уақытта экстремизмге қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері аты-жөні белгісіз тұлғаны анықтап, одан әрі жеткізу бойынша жедел іс-шаралар жүргізіп жатыр», — деді Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Еске салайық, Алматыда қалалық сот ғимаратынан барлық судья мен қызметкер эвакуацияланған болатын.

«Бүгін Алматы қалалық сотының кіріс кеңсесі поштасына түрлі сипаттағы қоқан-лоққы жасалған хабарламалар келіп түсті. Осыған байланысты қазіргі уақытта сот ғимаратында хабарламалар тексеріліп жатыр. Құрметті азаматтар, түсінбеушілікке жол бермеу үшін процестердің кейінге қалдырылғаны туралы хабарлаймыз», — делінген хабарламада.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *