Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Мәскеу мен Сібірде «Катиба Таухид уал-Джихад» ұяшығының сегіз мүшесі ұсталды

НҰР-СҰЛТАН, 18 тамыз. Мәскеу мен Сібірде Ресейде тыйым салынған «Катиба Таухид валь-Джихад»* лаңкестік ұйымы ұяшығының 8 мүшесі ұсталды, деп хабарлайды РИА Новости РФ ФҚҚ қоғаммен байланыс орталығына сілтеме жасап.Бұл туралы «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

«Красноярск, Мәскеу, Новосібір қалаларында «Катиба Таухид валь-Джихад» халықаралық террористік ұйымының аймақаралық ұышық (Мәскеу аудандық әскери сотының шешімімен 2019 жылы Ресейде тыйым салынған) әрекетінің жолын кесілді, Орталық Азия елдерінен келген сегіз адам ұсталды», — делінген хабарламада.

Қауіпсіздік қызметкерлерінің ақпараты бойынша, ұяшық мүшелері Сириядағы лаңкестік құрылымдарды қаржыландырған, сонымен қатар Ресей Федерациясындағы лаңкестік сипаттағы қылмыстарды жасауға шақырған. Ұстау кезінде байланыс құралдары, электронды тасымалдағыштар мен банк карталары тәркіленгені атап өтілді. Тергеушілер қылмыстық іс қозғады.

2017 жылы сәуірде Санкт-Петербург метросындағы жарылыстың артында тұрған «Катиба Таухид валь-Джихад» ұйымы 2019 жылдан бері Ресейде террористік ұйым деп танылды. Ресей облыстарынан, Қырғызстаннан, Өзбекстаннан және Орталық Азияның басқа да елдерінен осы топтың жақтастарының тұтқындалғаны туралы жаңалықтар жиі келіп тұрады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *