Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Абай облысында синтетикалық есірткі саудасымен айналысқан 18 жасар студенттер ұсталды

СЕМЕЙ,19 тамыз. Абай облысында аса ірі көлемде синтетикалық есірткі саудалаумен айналысып келген студенттер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Семей қаласының маңында есірткі сатушыларды ұстау операциясы жүргізілді. Абай облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері психотроптық заттарды заңсыз сатты деген күдікпен жергілікті колледждердің 18 жастағы үш студентін құрықтады.

Күдіктілер Telegram-арналар және интернет сайттар арқылы психотроптық заттарға тапсырыс алып, Семей қаласының аумағында таратып келген.

Тінту шараларын жүргізу кезінде “сатушылардан” полиэтиленге оралған 34 дана есірткі түйіншектері тәркіленді. Салмағы 13 грамм болатын ақ ұнтақ “Альфа-PVP” синтетикалық есірткісі болып шықты.

Аса ірі көлемде есірткі өткізу фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Полиция қызметкерлері Абай облысының аумағына есірткі жеткізу арналарының жолын кесу мақсатында мән-жайды толық анықтап, келіп түскен ақпараттар мен ұсталғандардың айғақтарын тексеруге бағытталған тергеу іс-шараларын жүргізуде.

Айыпталушылар Семей қаласы Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдіктілер 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы ықтимал.

“Жаз мезгілінде мектеп оқушылары мен студент жастар демалыста болатындықтан ата-аналар балаларының бос уақытын қалай өткізетініне және кіммен араласатынына мұқият болуы керек. Барынша қырағылық танытып, жұмыс сипатының заңдылығына көз жеткізбей, сайт әкімшісі, курьер болу туралы ұсыныстарды қабылдамау керек. Жұмыс берушілер көп жағдайда жоғары жалақымен және кез-келген уақытта тиімді бизнестен шығу мүмкіндігімен қызықтырады. Алайда, мұндай жұмысты атқарудың соңы бас бостандығынан айыруға алып келеді”, – деді полицейлер.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *