НҰР-СҰЛТАН, 19 тамыз. Кешкі намаз кезінде мешітте болған жарылыстан 21 адам қаза тапты, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.
Ауғанстанның бас қаласы Кабулда кешкі намаз кезінде мешітте болған жарылыстан 21 адам қаза тапты.
Tolo TV арнасына мәлімдеме жасаған Кабул полиция бөлімшесінің баспасөз хатшысы Халид Задран ақшам намазы кезінде «Садикийе» мешітінде жарылыс болғанын мәлімдеді.
Задран оқиға салдарынан 21 адамның қаза тапқанын, 33 адамның жараланғанын хабарлады.
Шабуылдың жауапкершілігін әзірге ешкім өз мойнына алған жоқ.
Талибан мәлімдемешісі Забихулла Муджахид өзінің жеке Твиттер аккаунтынан жасаған мәлімдемесінде оқиғаны айыптап, қылмыскерлердің тез арада табылатынын атап өтті.
Түркия Сыртқы істер министрлігі болса шабуылда қаза тапқандар үшін көңіл айту жеделхатын жариялаған болатын.