Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Сирияның Баб ауданына жасалған шабуылда 14 адам қаза тапты

НҰР-СҰЛТАН, 19 тамыз. Аудан орталығына жасалған шабуылда 14 адам қаза тауып, 37 бейбіт тұрғын жараланды, деп TRT  агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  жазады. 

Түрік қарулы күштерінің Сирияның солтүстігінде жүргізген «Евфрат қалқаны» операциясымен террордан тазартылған Баб аудан орталығына жасалған зымырандық шабуылда 14 адам қаза тауып, 37 бейбіт тұрғын жараланды.

Әскери оппозицияның бақылауындағы Баб аудан орталығы зымырандармен нысанаға алынды.

Бейбіт тұрғындар көп тұратын аудан орталығына жасалған шабуылда араларында балалар да бар 14 адам қаза тауып, 37 бейбіт тұрғын жарақат алды.

Шабуылдың кім тарапынан жасалғанына қатысты тергеу жұмыстары жалғасуда.

Баб аудан орталығы 2017 жылы ақпан айында «Евфрат қалқаны» операциясы аясында террор ұйымы ДАИШ-тен тазартылған еді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *