Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қазақстанға келетін  Рим Папасы мен Әл-Азхардың бас имамының сапары бекітілді

НҰР-СҰЛТАН, 21 тамыз.  Қазақстанда өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер съезіне Әл-Азхардың бас имамы шейх Ахмед ат-Тайеб пен Рим Папасы Францисктің сапары бекітілді. Бұл туралы Sputnik Қазақстан сауалына жауап берген съездің ресми өкілі Назым Жанғазынова айтты, деп «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  жазады. 
«Әлемнің 50 елінен 100-ден астам делегация қатысады деген жоспар бар. Олардың ішінде ислам, христиан, буддизм, иудаизм, индуизм, даосизм, зороастризм мен синтоизмның діни көшбасылары бар», — дейді Жанғазынова.
VII Әлемдік және дәстүрлі діндер съезінің пленарлық және секциялық отырыстары Тәуелсіздік сарайында өтеді. Осы шараны ұйымдастыруға 500-ден астам ерікті тартылады.
Айта кетері, съезд 13-15 қыркүйек күндері өтеді. Осы ауқымды шараның алдында тексерістер өтеді. Атап айтқанда, 8 қыркүйекке дейін қала аумағында «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы өтеді. Оның барысында елордада жалдамалы пәтерлер, жатақханалар, хостелдер, қараусыз қалған үйлер, сондай-ақ есепке алынған контингент, аңшылық қару иелері, кәсіпкерлік объектілері көші-қон заңнамасының сақталуына тексеріледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *