НҰР-СҰЛТАН, 22 тамыз.Сириялық содырлар студенттерді университеттерге оралу үшін Идлиб аймағынан шығармаймыз деп қорқытуда. Бұл туралы жексенбі күні Сириядағы соғысушы тараптарды татуластыру жөніндегі ресейлік орталық басшысының орынбасары генерал-майор Олег Егоров мәлімдеді, деп ТАСС агенттігіне сілтеме жасап«Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлады.
«Соғысушы тараптарды татуластыру орталығына Идлиб деэскалация аймағының тұрғындарынан жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында заңсыз қарулы топтардың содырлары студенттердің Сирия Араб Республикасының билігінің бақылауындағы аумаққа шығуына тосқауыл қоямыз деп қорқытуы туралы өтініштер түседі», — деді ол.
Егоров бейбіт тұрғындарды деэскалация аймағының шекарасынан өткізу мүмкіндігі, оның ішінде білім алу үшін Сирия қарулы оппозициясының қолбасшылығы қол қойған Астана келісімдерінің тармақтарының бірі екенін еске салды.
Генерал сондай-ақ өткен тәулікте Идлиб деэскалация аймағында «Джебхат ан-Нусра»* лаңкестік тобының позицияларынан екі рет атқылау тіркелгенін айтты. Алеппо провинциясында — бір атқылау, Латакия провинциясында — бір атқылау.
* Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым