НҰР-СҰЛТАН, 23 тамыз. Нұр-Сұлтанда белгісіз біреу соттарды, қонақүйді, емхана мен сауда ойын-сауық орталығын «миналады». Бомба қою туралы хабарламаларды тексергеннен кейін жарылғыш зат табылмады, деп Zakon.kz сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.
«23 тамызда сағат 03:50-де полицияға авиациялық қауіпсіздік инспекторынан әуежайдың электрондық поштасына елорданың барлық сот ғимараттарында жарылғыш зат орнатылғаны туралы хабарлама жіберілгені туралы ақпарат түсті», — деп Нұр-Сұлтан ПД баспасөз қызметі хабарлады.
Сондай-ақ, сағат 09:11-де Park INN қонақүйі, емханалар, сондай-ақ «Mega Silk Way» сауда орталығы ғимараттарына бомба қою фактісі бойынша осындай хабарламалар түсті.
Құқық қорғау органдары тергеу жүргізді.
Ведомствоның мәліметінше, жарылғыш зат табылмаған.