Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Түркістан облысында синтетикалық есірткі сатумен айналысқан әйел 10 жылға сотталды

ТҮРКІСТАН, 24 тамыз. Сот қаулысымен есірткі саудалаған 48 жастағы сотталушы әйел ҚР ҚК-нің 297-бабында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді, деп  Zakon.kz-ке сілтеме жасап  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.

Түркістан облысының полицейлері өткен жылдың желтоқсан айында Сайрам ауданында сезікті әйел тұрғындардың біріне жалпы салмағы 5 грамнан асатын марихуана есірткі заты бар сіріңке қорапшасын сатқанын анықтады.

«Жедел уәкілдер күдіктінің Шымкент қаласындағы жалдамалы пәтерінде тінту кезінде синтетикалық пирролидиновалерофенон препаратына ұқсас екі полиэтилен түйіншегін тауып алып, тәркілеген. Сараптамаға сәйкес, заттай дәлел ретінде алынған есірткінің салмағы 5 грамнан асты. Бұл жайт ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу) бойынша тіркелді», — деді ҚР ІІМ баспасөз қызметінде.

Күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу кезінде жинақталған материалдар заңды шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.

Нәтижесінде сот қаулысымен 48 жастағы сотталушы әйел ҚР ҚК-нің 297-бабында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *