Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Нұр-Сұлтан әуежайында мас жолаушы “ұшақта бомба бар” деп айқалаған

НҰР-СҰЛТАН, 25 тамыз. Елорда әуежайында мас жолаушы “ұшақта бомба бар” деп айқалаған, – деп хабарлайды Polisia.kz

21 тамыз сағат 10.00-де Нұр-сұлтан қаласының әуежайындағы желілік полиция бөліміне Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы терминалының стерильді аймағында “TURKISH AIRLINES” авиакомпаниясының Нұр-Сұлтан – Анталья әуе рейсіне жолаушыларды отырғызу кезінде 44 жастағы жолаушы мас күйінде бірнеше рет айналасындағыларға “ұшақта бомба” деп айқайлағаны туралы хабарлама келіп түсті.

Әуежайдың борты мен стерильді аймағына дереу тексеру жүргізілді. Тексеру барысында қандай да бір жарылғыш құрылғылар мен басқа да тыйым салынған заттар табылған жоқ.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы (Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

ҚР Қылмыстық кодексінің осы бабына сәйкес бес жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген. Күдікті өз кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта ол Нұр-Сұлтан қаласы ПД-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды.

ҚР ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес, өзге де мәліметтер тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *