Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

РФ ФҚҚ Ульяновскіде ИМ жақтасын ұстады

НҰР-СҰЛТАН, 25 тамыз. Ульяновск облысы бойынша ФҚҚ басқармасы  Сирияға содырларды тасымалдауға «Ислам мемлекеті» * ұйымына жәрдемдескен жергілікті тұрғынды ұстады, деп ведомство баспасөз қызметі хабарлайды. Бұл туралы  РИА Новостиге сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

«Ульяновск облысы бойынша Ресей ФҚҚБ «Ислам мемлекеті» халықаралық террористік ұйымын ресурстық қолдауға қатысы бар Ульяновск қаласының тұрғынының заңсыз әрекетін анықтап, жолын кесті», — делінген хабарламада.

ФҚҚБ мәліметінше, жедел-іздестіру шаралары барысында ер адамның 2015 жылы Мәскеу облысында әрекет еткен  ИМ ұяшығына қосылғаны анықталды. Ұяшық мүшелерімен бірге ол ИМ жақтастарын соғыс қимылдарына қатысу үшін Сирияға жіберуге көмектесті, атап айтқанда билет сатып алуға ақша берген. Оған қоса, оларға жалған құжат жасауға көмектескен.

Террористік ұйым мүшесіне қатысты үш қылмыстық іс қозғалды. Ульяновск тұрғыны өз кінәсін мойындап, өзінің лаңкестік әрекетінің мән-жайын айтты», — деп толықтырды ведомствода.

* Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *