Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Анкарада ИМ-мен байланысы бар деген күдікпен 13 шетелдік ұсталды

НҰР-СҰЛТАН, 26 тамыз. Кеше Түркия астанасы Анкарада полицияның рейдтері кезінде «Ислам мемлекеті»* (ИМ) лаңкестік ұйымымен байланысы бар деген күдікпен кем дегенде 13 шетелдік ұсталды, деп Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.

Мемлекеттік TRT TV телеарнасы Анкара полициясы 15 шетелдік күдіктіге қарсы операция бастады, олардың кейбірі соғыс аймақтарында ИМ мүшелерімен байланыста болды, деп  хабарлайды.

Операция барысында 13 күдікті ұсталды, полиция қалған екеуін іздеуді жалғастыруда.

2013 жылы түрік билігі ИМ-тін террористік ұйым деп таныды және бұл топты Түркияда 2015 жылдан бері бірқатар қанды шабуылдар ұйымдастырды деп айыптады.

2011 жылы Сириядағы соғыс басталғаннан бері Түркияның осы елмен оңтүстік шекарасы сириялықтар мен шетелдік содырлар үшін негізгі шекаралық өткелге айналды.

2016 жылы Түркия Сирияның солтүстігінде «Евфрат қалқаны» деп аталатын алғашқы шекаралық операцияны жүзеге асырды. Оның мақсаты Жараблус пен Аазаз аудандарындағы ИМ содырларын жою болды.

* Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *