НҰР-СҰЛТАН, 26 тамыз. Соңғы екі аптада Нигерия қарулы күштері елдің солтүстік-шығысында жүргізген терроризмге қарсы операциялары барысында кем дегенде 57 экстремистік-содыр жойылды, деп Нигерия армиясының ресми өкілі Муса Данмадами мәлімдеді. Бұл туралы Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлады.
М.Данмадами Нигерияның астанасы Абуджада екі аптада бір рет өтетін брифингте журналистерге айтқанындай, операциялар «Ислам мемлекетінің Батыс Африка провинциясы» /ISWAP/* және «Боко Харам» тобы анклавтарына құрлық және әуе шабуылдары түрінде 11-25 тамыз аралығында солтүстік-шығыс Борно және Йобе штаттарында жүргізілді.
Осы уақытқа дейін сегіз күдікті содыр мен аталған қарулы топтарға логистикалық қызмет көрсетті деген күдікпен төрт адам ұсталды, деп хабарлады ресми өкіл. Сонымен қатар, әскерилер кепілге алынған төрт бейбіт тұрғынды құтқарып алды.
М.Данмадами атап өткендей, осы кезеңде елдің солтүстік-шығысында әртүрлі жерлерде 1652 экстремистік содыр мен олардың отбасы мүшелері, оның ішінде 890 бала әскерилерге берілді.
Атап айтқанда, 20 тамызда қарулы күштер сенімді барлау ақпаратына сүйене отырып, Борно штатындағы Самбиса және Тумбунс ормандарындағы топтардың анклавтарына әуеден соққы беріп, кемінде 25 экстремистік-содырды жойды, деді М.Данмадами.
ISWAP Нигерияның солтүстік-шығысында исламдық мемлекет құру үшін бауырлас «Боко Харам» тобымен келісімге келді. Сонымен қатар, екі лаңкестік топ Чад көлі бассейніндегі басқа елдерге де шабуыл жасауда.
* Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым