Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Жыл басынан бері Түркияда 74 террорист өз еркімен берілді 

НҰР-СҰЛТАН, 28 тамыз. Үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан бері Түркияда РКК-ның 74 террористі өз еркімен қаруын тастады, деп  жазады Anadolu агенттігі Түркия ішкі істер министрлігіндегі дереккөздерге сілтеме жасап. Бұл туралы «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.

Дереккөздің хабарлауынша, Түрік қауіпсіздік күштерінің ел ішінде де, сыртында да жүргізген операциялары нәтижесінде лаңкестік ұйымның көптеген жетекшілері жойылды.

Қатарларындағы алауыздық туралы шындықты жасыруға тырысқан лаңкестер ұйым басшыларының бұйрығымен қанды жазаға кірісті.

Осылайша Сирияның Дерик аймағында террорлық әрекеттермен айналысқан КЖП/PYD-YPG мүшелері Четин Суер, Седат Суер және Фуат Балджактың қанды ұйым қатарынан шығып, түрік қауіпсіздік күштеріне берілуді көздегені үшін өлім жазасына кесілгені белгілі болды.

Содырлардың өлім жазасына кесілгенін жасыру үшін лаңкестік ұйым оларды «тыңшылық әрекет жасады» деп айыптағаны анықталды.

Президент Режеп Тайып Ердоған 1984 жылдан бастап КЖП содырлары Түркияда қанды қылмыс жасағаннан бастап, 2020 жылдың наурызына дейін 7500 түрік қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері мен 6800 бейбіт тұрғын осы қанды ұйымның қолынан қаза тапқанын айтты.

АҚШ пен Еуропа Одағы КЖП-ны  лаңкестік ұйымдар тізіміне енгізді.

Анкараның жағдайды шешу жолдарын іздеуге тырысқанына қарамастан, КЖП  лаңкестік ұйымы 2015 жылдың шілдесінен бастап қарулы шабуылдарды қайта бастады.

Соңғы жылдары Күрдістанның жұмысшы партиясы аймақтағы қанды қылмыстар үшін жауапкершілікті өз тармақтарына жүктеуге тырысады.

Сирияда КЖП  лаңкестері PYD және YPG аттарымен жамылып жүр, ал соңғы екі жылда өздерін «Сирия Демократиялық Күштері» деп атады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *