Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

ИМ содырлары елдің шығысындағы Ирак қарулы күштерінің позицияларына шабуыл жасады

НҰР-СҰЛТАН, 28 тамыз. «Ислам мемлекеті» (ИМ)* лаңкестік ұйымының содырлары елдің шығысындағы Дияла провинциясында орналасқан Ирак армиясының позицияларына екі рет шабуыл жасады, деп ирактық Baghdad al-Yaum ақпараттық порталы хабарлайды.Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.

Порталдың ақпараты бойынша, провинцияның батысындағы бірінші лаңкестік әрекеттің құрбаны бір Ирак сарбазы болған, тағы біреуі жараланған. Дияла орталығындағы екінші шабуылда барлығы бес сарбаз қаза тауып, жараланған.

ИМ содырлары 2014 жылдың жазында Ирак территориясының үштен бір бөлігін басып алған. 2015 жылы халықаралық коалицияның қолдауымен Ирак үкіметінің күштері экстремистер басып алған аймақтарды азат ету бойынша ауқымды науқанды бастады. 2017 жылдың желтоқсанында республиканың сол кездегі премьер-министрі Хейдар әл-Абади ИМ-нің түпкілікті жеңілгенін мәлімдеген. Дегенмен, құқық қорғау органдары елдің әр түкпірінде  тәртіп сақшыларына, әскерилер мен бейбіт тұрғындарға шабуыл жасайтын лаңкестің астыртын әрекетін жою операциясын әлі де жалғастыруда.

* Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *