«Терроризмге қарсы комитет» республикалық қоғамдық бірлестігі барша қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтайды.
Мемлекетіміздің тарихындағы маңызды оқиғалардың бірі – осыдан 27 жыл бұрын, 1995 жылы 30 тамызда еліміздің Негізгі Заңының қабылдануы. Конституция – біздің құқықтарымыз бен бостандықтарымыздың сенімді кепілі, сонымен қатар тәуелсіз Қазақстанның дамуының кепілі.
Қазақстан Республикасының Конституциясы күні – Қазақстан халқының ерік-жігерін, елімізді демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде құруға ұмтылысын көрсететін маңызды мемлекеттік мерекелердің бірі.
Бүгінгі таңда қазақстандықтардың басты мақсаты – бірлікті нығайту, азаматтық жауапкершілікті арттыру, қоғамдағы тыныштық пен тұрақтылықты нығайту.
Бұл мереке барша қазақстандықтарға Конституцияда бекітілген қағидаларды жүзеге асыруға сенім берсін. Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы нығайып, дами берсін!
«Терроризмге қарсы комитет» Республикалық қоғамдық бірлестігінің ұжымы сіздерге, құрметті қазақстандықтар, ашық аспан, бейбітшілік пен мейірімділік тілейді.