Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қостанай облысында жергілікті тұрғыннан 100 келіден астам есірткі табылды

ҚОСТАНАЙ, 01 қыркүйек. Қостанай облысы тұрғынының көлігінен 100 келіден астам есірткі табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері өңірге есірткі жеткізу арнасының жолын кесті.

“Қарасора 2022” жедел алдын алу шарасы аясында күдіктілерді ұстау операциясы туралы толығырақ бөлімше бастығы Асылбек Әлмағамбетов хабарлады. Полиция қызметкері 31 тамызда жедел іс-шаралар өткізу кезінде Қостанай-Әулиекөл-Сұрған тас жолының 107 шақырымында Lada Largus автокөлігін басқарған Қарабалық ауданының 46 жастағы тұрғын тоқтатқандарын айтты.

Тінту барысында көліктің салонынан өсімдік тектес зат салынған үш қап табылған. Сараптама бұл заттың салмағы 100 келіден асатын кептірілген марихуана екенін көрсетті.

– Алғашқы тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде аталған есірткінің ірі партиясы облысқа еліміздің оңтүстік өңірлерінен жеткізілгені анықталды, – деп жалғастырды Асылбек Әлмағамбетов.

Еске сала кетейік, есірткімен күресушілер бұған дейін де облысқа есірткі жеткізу арнасының жолын бірнеше рет кескен болатын.

– Есірткі облыс аумағында тарату мақсатында жеткізілген. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз сақтау және ірі және аса ірі көлемде өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – деп атап өтті Асылбек Әлмағамбетов.

Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Жыл басынан бері Қостанай полицейлерімен заңсыз айналымнан 170 келіден астам түрлі есірткі заттары тәркіленді. “Қарасора 2022” жедел алдын алу іс-шарасының мақсаттарының бірі – еліміздің басқа өңірлерінен есірткі жеткізу және өткізу арналарының жолын кесу. Бұл мақсатта облыста арнайы құрылған мобильді топтар жұмыс істеуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *