НҰР-СҰЛТАН, 03 қыркүйек. Ауғанстанның Герат провинциясындағы мешітте жарылыс болып, салдарынан мешіт имамы қаза тапты, деп хабарлайды РИА Новости жергілікті Tolo News телеарнасына сілтеме жасап.Бұл туралы «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.
Телеарнаның мәліметінше, қазір жарылыс себебі жанкештінің шабуыл деп аталады.
«Талибан» қозғалысының өкілі Забиулла Муджахид имамның қайтыс болуына байланысты көңіл айтып, кінәлілерді жазалауға уәде берді.
Кейінірек Khaama Press агенттігі жергілікті ақпарат көздеріне сілтеме жасап Герат провинциясында мешітте болған жарылыстан қаза тапқандар саны 20 адамға жеткенін хабарлады.
Соңғы мәліметтер бойынша, жұма күні Ауғанстанның Герат провинциясындағы (елдің батысында орналасқан) мешітте болған жарылыс салдарынан қаза тапқандар саны 47-ге жетті, кем дегенде 80 адам жарақат алды.
* Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым