НҰР-СҰЛТАН, 05 қыркүйек. Ауғанстанның оңтүстігіндегі Гильменд провинциясының Над Али ауданында сенбі күні жарылғыш зат жарылып, үш бала қаза тауып, тағы үш бала жараланды, деп провинция полициясының өкілі Ахмад Джанға сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады, деп «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.
Оның айтуынша, жарылыс сенбі күні түс ауа «Хивад Базар» базарының маңында болған. Қаза тапқандар діни оқу орнының оқушылары. А.Джан жарылыстың басқа мәліметтерін хабарлаған жоқ.
Бір күн бұрын, жұма күні елдің батысындағы Герат провинциясында жарылыс болып, 18 адам, оның ішінде белгілі дін қызметкері қаза тауып, 23 адам жараланған болатын.