Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Израиль армиясы Тель-Авивте үш адамды өлтірген террористтің баспанасының жойылғаны туралы хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 07 қыркүйек.Сейсенбіге қараған түні Израиль қауіпсіздік күштері Иордан өзенінің батыс жағалауындағы Дженин қаласында операция жүргізіп, оның барысында 7 сәуірде Тель-Авивте үш адамды өлтірген лаңкестің үйін қиратты, деп армияның баспасөз қызметі мәлімдеме жасады. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

«Бүгін түнде Израиль қорғаныс күштері мен шекара полициясы лаңкес Раед Хаземнің Дженин қаласында орналасқан пәтерін қиратты<…>. Бұл лаңкес 2022 жылдың 7 сәуірінде Тель-Авивте атыс ашып шабуыл жасады, оның барысында үш бейбіт тұрғын қаза тапты», — делінген хабарламада.

Баспасөз қызметі операция кезінде оқиға орнында тәртіпсіздіктер орын алғанын, палестиналықтардың Израиль қауіпсіздік күштеріне тас пен жандырғыш қоспаларын лақтырғанын, сонымен қатар оларға оқ атқанын атап өтті. Әскери қызметкерлер жиналғандарды тарату үшін құралдарды қолданып жауап берді, деп қосты баспасөз қызметі. Израиль тарапынан зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ, делінген хабарламада.

28 жастағы палестиналық Раед Хазем 7 сәуірде Тель-Авивте атыс қаруын қолданып теракт жасады. Қауіпсіздік күштері оны келесі күні Тель-Авивтің оңтүстігіндегі Яффо аймағында тапты, атыс нәтижесінде ол жойылды. Шабуыл салдарынан үш адам қаза тауып, 10-нан астамы жараланған.

Қауіпсіздік күштері Израиль қалаларында 20 адамның өмірін қиған бірқатар лаңкестік әрекеттерге жауап ретінде 10 сәуірден бері Батыс жағалауда ауқымды антитеррорлық операциялар жүргізуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *