НҰР-СҰЛТАН, 08 қыркүйек.Ресей ІІМ басшысы Владимир Колокольцев Орталық Азия мен Таяу Шығыстан Ресейге Ауған тектес есірткілерді жеткізудің арту қаупі туралы мәлімдеді,деп ведомствоның ресми өкілі Ирина Волкқа сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.
Бейсенбі күні Колокольцев Қырғызстанның Шолпон-Ата қаласында өткен ТМД-ға мүше мемлекеттердің Ішкі істер министрлері кеңесінің отырысында сөз сөйледі.
«Владимир Колокольцев Орталық Азия мен Таяу Шығыс аймақтарынан, соның ішінде Қара және Каспий теңіздері арқылы Ресейге ауғандық гашиш, апиындар, метамфетамин және басқа да есірткі заттарының жеткізілуінің арту ықтималдығына назар аударды. Бұл саладағы жедел жағдай қылмыстық мақсатта IT-технологиялар мен әртүрлі интернет-мессенджерлерді пайдалану, сондай-ақ криптовалютадағы төлемдермен қиындады», — деді Волк.
Бұған дейін Ресей Сыртқы істер министрлігі Жаңа сын-қатерлер мен қауіптер департаментінің директоры Владимир Тарабрин Ауғанстаннан Орталық Азия елдеріне «солтүстік бағыт» бойынша есірткі тасымалының өсуі туралы айтқан болатын .