Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

ҰҚШҰ: Ауғанстандағы жағдай шиеленісе түсуде

НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек. Ауғанстандағы шиеленіс күйінде қалып отырған жағдай Орталық Азиядағы ұжымдық қауіпсіздік аймағындағы жағдайдың дамуына шешуші ықпал етіп отыр. Бұл туралы бейсенбіде өткен брифингте ҰҚШҰ Біріккен штабының басшысы, генерал-полковник Анатолий Сидоров мәлімдеді,  деп ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

«Орталық Азия Ұжымдық қауіпсіздік өңіріндегі ахуалдың дамуына Ауғанстан Ислам Республикасындағы шиеленіскен жағдай негізгі әсер етеді, ол «Талибан»* ислам қозғалысының қарулы құралымдары мен Бірыңғай қарсыласу майданы жасағы арасындағы қарқынды соғыс  іс-қимылдармен, сондай-ақ халықтың кедейлігінің, ашаршылықтың, жұмыссыздықтың және басқа елдермен шекаралас аудандардағы шиеленістің өршуіне байланысты әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің күрт нашарлауымен сипатталады.

Сидоровтың айтуынша, Ауғанстанда лаңкестік әрекеттің жоғары деңгейі тіркелген.

«Жалпы биыл 250-ге жуық адам лаңкестердің құрбаны болды, мыңнан астамы жарақат алды. Сонымен бірге «Талибан» басшылығының жоғары лауазымды тұлғалары шабуылдардың негізгі нысанасына айналды», — деп қосты ол.

«Мемлекеттік шекаралардың жекелеген учаскелеріндегі шиеленісті жағдай халықаралық лаңкестік ұйымдардың трансшекаралық қызметі үшін қолайлы жағдай туғызуда, бұл өңірдегі Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына мүше мемлекеттердің қауіпсіздігіне қауіп төндіреді», — деді Сидоров.

Оның айтуынша, Ауғанстанда шиеленістің сыни деңгейге дейін көтерілу қаупі бар.

«Осы факторлардың үйлесімі Орталық Азия ұжымдық қауіпсіздік аймағында тұрақсыздықтың өсуіне ықпал етуде және болашақта шиеленістің сыни деңгейге көтерілуіне себеп болуы мүмкін», — деп атап өтті Сидоров. Сонымен бірге, оның айтуынша, «жақын арада Ауғанстандағы әскери-саяси жағдайда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді».

Сидоровтың айтуынша, Ауғанстанның солтүстігіне «Ислам мемлекеті»* ұйымының 400-ге жуық содыры   жеткізілгені тіркелген.

«Республика аумағында бірқатар халықаралық лаңкестік ұйымдар содырларының белсенділігі байқалады, олардың арасында ТМД елдерінен келген иммигранттар да бар. 400-ге жуық «Ислам мемлекеті» содырлары Ауғанстанның солтүстік провинцияларына, яғни Бадғис, Джаузджан, Кундуз, Тахар, Бадахшанға  лаңкестік әрекеттер жасау, азаматтық және әскери нысандарға шабуыл жасау мақсатында жіберілгені тіркелді», — деді ол.

* Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *