АСТАНА, 21 қыркүйек. Сомали ұлттық армиясы соңғы 13 жылдан бері «Аш-Шабаб» лаңкестік ұйымының бақылауында болған стратегиялық маңызды Буко елді мекенің қайтадан бақылауға алды, деп Сомали ақпарат министрлігі хабарлады. Бұл туралы Anadolu агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.
Соңғы үш күнде үкімет әскері мен АҚШ күштерінің Хиран провинциясында жүргізген операциясы кезінде топтың кем дегенде 100 содыры өлтірілді.
Хиран губернаторы Али Джейтенің айтуынша, Буко тұрғындары ауылды азат етуде әскерилерге белсенді түрде көмектескен.
Буко Хиранның әкімшілік орталығы Беледуэйне қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан.