ПАВЛОДАР, 23 қыркүйек. Бүгін Павлодар облысына жұмыс сапарымен келген ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақовпен кездесті, деп хабарлайды KAZISLAM.KZ.
Кездесуде өңірдегі діни ахуал талқыланды. Бұл ретте күн тәртібіндегі мәселелер – ауыл имамдарына қолдау көрсету және өңірдегі мешіттерді кадрмен қамтамасыз ету мәселелері қозғалды.
Кездесу барысында Бас мүфти облыс басшысына қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді. Тараптар бірлескен жобалар бойынша екіжақты ынтымақтастықты жалғастыратындарын мәлімдеді.
Бас мүфти Павлодарда өтетін «Дін мен дәстүр – халық қазынасы» атты конференцияға де қатысады.