Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ақтөбеде синтетикалық есірткімен 24 жасар жігіт ұсталды

АҚТӨБЕ, 24 қыркүйек. Ақтөбеде есірткі тасымалдаушы ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

13 қыркүйекте сағат 16:30-да Ақтөбе облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері “Қарасора-2022” жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Ақтөбе қаласындағы саяжай ұжымдарының бірінде 24 жастағы жігітті ұстады.

Қалтасынан изолентаға оралған 40 “зип-пакетті” өз еркімен берді, оның ішінде ерекше иісі бар ақ түсті ұнтақ түріндегі зат болды.

Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған заттар жалпы салмағы 40 грамм болатын мефедрон психотроптық зат болып шықты.

Аталған факт ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі бойынша СДТБТ-ға тіркелді. Ұсталған азамат ҚР ҚПК-нің 128-бабымен Ақтөбе қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *