Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

РФ Тергеу комитеті: Ижевсктегі мектепке шабуыл жасаған адам «Колумбайн» идеологиясының ұстанушысы болған

АСТАНА, 27 қыркүйек. Бір күн бұрын Ижевск қаласындағы мектепте оқ атқан адам «Колумбайн» идеологиясының (Ресей Федерациясында тыйым салынған) ұстанушысы болған, сонымен қатар ұзақ уақыт бойы агрессивті компьютерлік ойындар ойнаған, деп журналистерге Ресей Тергеу комитетінің ресми өкілі Светлана Петренко мәлім етті. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

«Оның электронды ақпарат құралдарына жүргізілген алғашқы зерттеу оның «Колумбайн» идеологиясын ұстанушы екенін көрсетеді», — деді Петренко. «Сонымен қатар көп уақыт компьютерде, агрессивті компьютерлік ойындар ойнаған».

Ресей білім беру министрі Сергей Кравцов бір күн бұрын мектепте оқ атқан адамның «шизофрения» диагнозымен есепте тұрғанын айтты. РФ Президенті жанындағы балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Мария Львова-Белова шабуыл жасаушының бұрын агрессивті әрекеттер жасағанын атап өтті.

26 қыркүйек күні таңертең Ижевск қаласындағы №88 мектепте атыс болып , салдарынан 17 адам қаза тауып, 20-дан астамы жараланды. Тоғыз адам, оның ішінде жеті бала ауруханада жатыр. 27 қыркүйекте 15 зардап шеккен Төтенше жағдайлар министрлігінің арнайы бортымен Мәскеуге жөнелтілді. Удмуртияда 29 қыркүйекке дейін қаза болғандарды аза тұту жарияланды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *