АСТАНА, 27 қыркүйек. Павлодар қаласындағы жарылғыш құрылғылар туралы дабыл қоңыраулары жергілікті шұғыл әрекет ету топтарының кәсібилігін тағы да көрсетті, деп хабарлайды ҚР ТҚО сайтына сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.
Жалған ақпарат берушілердің жасының төмендеуі алаңдаушылық туғызады.
«Анонимді» және жазасыз қалғысы келетін хабарламалардың авторлары әлеуметтік желілер мен Интернетті пайдаланады.
Мысалы, Ақмола облысының 2011 ж.т. «Т» тұрғыны Павлодар қаласы соттарының электронды поштасына террористік сипаттағы қоқан-лоққылармен бірнеше хат жолдаған.
Баланың заңсыз әрекеті Telegam мессенджерінде белгісіз біреудің мемлекеттік органдарға жоғарыда аталған пошталық хабарлама жіберілген жағдайда ақша табу мүмкіндігі туралы ұсыныс жасауына байланысты. Алайда, жалған ақпарат беруші көрсеткен қызметі үшін ақысын алмаған. Оған «нұсқау» жіберілген аккаунттар бұғатталған.
Осыған ұқсас тағы бір мысал, Telegram мессенджерінің «Типичный Павлодар – шок tipavlo» арнасында белгісіз интернет пайдаланушының келесі мазмұндағы аудио хабарламасын жариялауы: «Але але, қалай естіліп тұр, жақында Катаева 21 үйді жарып жібереміз». Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларымен 2022 жылдың қыркүйек айында Қазақстан Республикасына келген Беларусь Республикасының 1994 жылы туған азаматы «О» анықталды. Оған себеп — әлеуметтік желі арқылы сөйлескен Павлодар қаласының тұрғынынан кек алу болды.
2022 жылдың 21 қыркүйегінде Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментіне Б.Момышұлы атындағы №22 орта мектеп аумағында лаңкестердің бар екендігі туралы анонимді қоңырау келіп түсті.
Мәлімдеуші 2007 ж.т. Павлодар облысының «Б.» тұрғыны болып шықты, ол достарымен жазасыз қоңырау шала алады деп дауласқан.
Қазіргі уақытта жоғарыда аталған барлық фактілер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабы бойынша қылмыстық істер қозғалды.
Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау – бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзімге бас бостандығынан айырумен жазаланатынын естеріңізге саламыз .
Қаскүнемді қолға түсіру – уақыт талабы!