Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Түркияның Мерсин қаласында лаңкестік әрекеттен бір полиция қызметкері қаза тапты

АСТАНА, 27 қыркүйек. Түркияның Мерсин қаласында полиция ғимаратына қарулы шабуыл жасалды, қаза тапқан адам бар, билік оқиғаны теракт деп бағалады, деп хабарлайды A Haber телеарнасы. Бұл туралы  РИА Новостиге сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

«Шамамен 23.00 (Мәскеу уақытымен сәйкес) Мерсин қаласының Мезитли ауданында белгісіз біреулер полиция бөлімшесіне қарулы шабуыл жасады», — деп қосты телеарна.

Бомбаны қашықтан басқару нәтижесінде жарылыс болғаны да хабарланды.

Түркияның ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу лаңкестік әрекет салдарынан бір полицейдің қаза тапқанын, тағы бір тәртіп сақшысы ауыр жараланғанын хабарлады.

«Мұның артында қандай лаңкестік ұйым тұрғаны қазірдің өзінде белгілі», — деп келтіреді министрдің сөзін Anadolu агенттігі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *