Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Жыл басынан бері СҚО-ның үш тұрғыны жалған терроризм үшін сотталды

ПЕТРОПАВЛ, 29 қыркүйек. Жыл басынан бері “жалған терроризм” үшін 3 солтүстікқазақстандық сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО полицейлері тұрғындарға “телефон терроризмі” үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабының (Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау) санкциясымен 5 мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі көлемдегі айыппұлдан бастап 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейін жаза көзделген. Мысалы, қазіргі уақытта бас бостандығынан айыру орындарында 39 жастағы Петропавл қаласының тұрғыны жазасын өтеп жатыр. 14 ақпанда әйелімен болған жанжалдан кейін мас күйінде Заводская көшесіндегі үйдің кіреберісіне кіріп, “102” арнасына қоңырау шалған. Бұнымен қоса, өзімен бірге бомба алғанын айтқан. Оқиға орнына дереу келген полиция қызметкерлері мен басқа да мүдделі органдар жарылғыш затты таппады. Ер адам 1 жылға бас бостандығынан айырылды.

– Тәжірибе көрсеткендей, егер күдіктілер психикалық сау деп танылса, көбінесе бас бостандығынан айыру нақты жазаға айналады. Соңғы уақытта “жалған терроризм” туралы хабарлау түрі өзгерді. Енді жарылыс туралы хабарламалар телефон арқылы емес, электронды пошта арқылы келіп түсуде. Барлықтарыңызды заңда көзделген жауапкершілікті есте сақтауларыңызды сұраймыз, – дейді СҚО ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Руслан Жарасбаев.

Жыл басынан СҚО-да жалған терроризмнің 7 фактісі тіркелді. Қазіргі уақытта 3 “әзілқой” сотталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *