АСТАНА, 04 қазан. Сирияның солтүстігіндегі «Бейбітшілік бұлағы» операциялық аймағында PKK/YPG-ден 7 террорист залалсыздандырылды, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.
Сирияның солтүстігіндегі «Бейбітшілік бұлағы» операциялық аймағына шабуыл жасамақ болған бөлшектеуші террор ұйымы PKK/YPG-ден 7 террорист залалсыздандырылды.
Ұлттық қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде «Біз террористерді өздері қазған шұңқырларға көмуді жалғастырамыз. Сирияның солтүстігіндегі «Бейбітшілік бұлағы» операциялық аймағына шабуыл жасауға әрекеттенген 7 PKK/YPG террористі Түрік Қарулы Күштеріміз тарапынан залалсыздандырылды» делінді.
Сиирттің Первари ауданының ауылында бөлшектеуші террор ұйымы PKK мүшесі 3 террорист залалсыздандырылды.
Ішкі істер министрлігінің мәлімдемесінде «Ерен Аблука күз-қыс 1 шәйіті Жандармерия лейтенанты Исмаил Джан Акдениз» операциясы аясында Сииртте бөлшектеуші террор ұйымы мүшесі 3 террористтің залалсыздандырылғаны хабарланды.
Мәлімдемеде аймақтағы операциялардың жалғасып жатқаны атап өтілді.
Ұлттық Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде Ирактың солтүстігіндегі Метина аймағында анықталған PKK-лық тағы 2 террористтің Түрік Қарулы Күштері тарапынан залалсыздандырылғаны білдірілді.