АСТАНА, 05 қазан. Ауғанстанның уақытша үкіметіндегі Ішкі істер министрлігіне қарасты мешітте жарылыс болды, деп хабарлайды РИА Новости ведомство өкілі молла Абдул Нафи Такорға сілтеме жасап.
Ауғанстан Ішкі істер министрлігінің өкілі әзірге құрбан болғандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ екенін атап өтті.
Құзырлы органдар тергеу бастады.
РИА Новостиге дереккөздің хабарлауынша, жарылыс мешітте намаз оқып жатқан кезде болған. Дереккөздің хабарлауынша, жарылыс салдарынан құрбан болғандар мен зардап шеккендер бар, бірақ олардың арасында министрліктің жоғары лауазымды шенеуніктерінің бар-жоғы әзірге белгісіз. Оқиға орнына жедел жәрдем келді.