АСТАНА, 05 қазан.Орталық Африка Республикасының солтүстік-батысындағы Уам-Пендезон аймағында бомба жарылысынан Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) үш бітімгері қаза тапты, деп хабарлайды Anadolu агенттігі .
Ұлттық БАҚ-тың хабарлауынша, белгісіз қарулы топ Уам-Пендезон аймағындағы Каита ауылының маңында патрульде жүрген БҰҰ бітімгершілік күштеріне шабуыл жасаған.
Шабуыл кезінде БҰҰ бітімгершілік контингентінің үш бангладеш сарбазы қаза тапты.
Шабуылға қатысты тергеу басталды.