Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

ФҚҚ Сібір аумағына синтетикалық есірткі жеткізу арнасының жолын кесті

АСТАНА, 06 қазан. Новосібір облысы бойынша ФҚҚ   басқарма қызметкерлері Томск облысы бойынша басқармасымен  бірге Сібір федералды округінің аумағына синтетикалық есірткі жеткізу бойынша аймақаралық арнаның қызметін тоқтатты. Бұл туралы ТАСС ФҚҚ-ның Новосібір  облысындағы ресми өкілі Ирина Зеброваға сілтеме жасап хабарлады.

«Новосібірде қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері интернет-дүкен арқылы есірткі жеткізу арнасын ұйымдастырған 1974 жылы туған Томск қаласының жұмыссыз тұрғынын ұстады. Есірткі сатушысы орман қоймасынан 1,9 келіден астам альфа-PVP есірткі затын алуға әрекеттену кезінде ұсталды», — деді агенттік сұхбатшысы.

Құны 4,5 миллион рубль болатын, құрамында күшті әсер ететін синтетикалық препараттың 5 мыңнан астам дозасы бар партия Новосібір, Томск және Кемерово облыстарында тарату жоспарланған.

Томск қаласының тұрғынына қатысты Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 30-бабының 3-бөлігінде  және 228.1 бабының 5-бөлігінде («Есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз өткізуге қастандық жасау») көзделген қылмыс бойынша қылмыстық іс қозғалды. «Ер адам қамауға алынды, сот қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады», — деп қосты Зеброва.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *