Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

«Талибан» қозғалысы мен Өзбекстан шекара әскерлерінің өкілдері шекарадағы қауіпсіздікті  талқылады

АСТАНА, 07 қазан. «Талибан»* қозғалысы мен Өзбекстан шекара әскерлері өкілдері шекарадағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Podrobno.uz сайты. Бұл туралы Stopterror.uz сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.

Кездесу «Хайратон» шекара бекетінде өтті. «Талибан» қозғалысының делегациясын 209-шы «Әл-Фатх» армия корпусының шекара әскерлерінің алтыншы бригадасының командирі Мансур Мавлавий, ал Өзбекстаннан Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі шекара әскерлерінің полковнигі Халик Назар басқарды.

Тараптар барлық қайшылықтарды диалог арқылы шешуге дайын екендіктерін растады, шекарашылар арасындағы үйлестіру мен байланыс тетіктерін талқылады және шекараны заңсыз кесіп өтуге жол бермеуге уәде берді.

Еске салайық, тамыз айының соңында өзбек-ауған шекарасында Арал Пайғамбар аралына жақын жерде атыс болып, екі ауғандық қаза тауып, алтауы жараланған болатын.

* Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *