АСТАНА, 07 қазан. 2022 жылғы 7 қазанда Астана қаласында ҰҚК Төрағасы Ермек Сағымбаев Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы орталығының отырысын өткізді.
Консультативтік-кеңесші органның жұмысына мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарының бірінші басшылары қатысты.
Терроризм профилактикасы бойынша өңірлік терроризмге қарсы комиссиялар жұмысының жағдайы қаралды.
Террористік тәуекелдер мен қауіп-қатерді азайту бойынша кешенді шаралар талқыланды.
Мемлекеттік органдардың азаматтарды, оның ішінде террористік іс-әрекетке қатысы бар тұлғаларды анықтау мақсатында міндетті дактилоскопиялық тіркеуді жүргізуге даярлығына аралық қорытынды жасалды.
ТҚО отырысының нәтижелері бойынша бірқатар хаттамалық шешімдер қабылданды.
Дереккөз:ҚР ҰҚК баспасөз қызметі