Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Содырлардың шабуылынан үш нигериялық сарбаз қаза тапты

АСТАНА, 08 қазан. Радикалдар Замфара штатындағы әскери колоннаға шабуыл жасап, Нигерия армиясының үш қызметкерін өлтіріп, оқ-дәрі тиелген жүк көліктерді тонап кетті, деп The Defence Post сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

Ұлттық армияның аты-жөнін атамауды өтінген офицерлерінің айтуынша, содырлар азық-түлік пен керек-жарақ тиелген жүк көлігіне торуылдан шабуыл жасады. Шабуылдан бір майор мен екі қатардағы жауынгер қаза тапты.

«Лаңкестер жүк көлігі мен тағы екі көлікті өртеп жіберді, сонымен қатар бронетранспортер, зениттік зымырандар, қолмен танкке қарсы граната атқышты  және бір пулемет алып кетті», — деп қосты дереккөз.

Нигерия қарулы күштері өкілдерінің айтуынша, содырлардың шабуылы үкіметтік әуе күштерінің банда жетекшісі Белло Турджидің үйін қиратуымен байланысты болуы мүмкін. Әуе шабуылынан ондаған содырлар, соның ішінде Турджидің ағасы өлтірілді. Банда жетекшісінің өзі рейд кезінде басқа жерде болған, сондықтан зардап шеккен жоқ.

Бұған дейін «Шекарасыз дәрігерлер» (MSF) ұйымының өкілдері Африка Республикасының солтүстік-батысындағы халыққа гуманитарлық апат қаупі төніп тұрғанын мәлімдеген. Бұған аймақтағы түрлі топтардың лаңкестік әрекеті кінәлі. Радикалды исламшылар жергілікті тұрғындарды қоныстанған аумақтарын тастауға мәжбүрлейді, ауылдарды тонап,шабуыл жасайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *