АСТАНА, 09 қазан. Ирактың Күрд аймақтық әкімшілігіне қарасты Эрбил қаласында бомба орнатылған көліктің жарылуы салдарынан бір адам қаза тауып, төрт адам жарақат алды, деп хабарлайды Stopterror.uz Anadolu агенттігіне сілтеме жасап. Бұл туралы «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.
Эрбил губернаторы Үмит Хошванның айтуынша, жарылғыш зат Күрдтердің патриоттық одағы партиясымен байланысы бар жергілікті лаңкестікке қарсы департаменттің бұрынғы басшыларының бірі Хавкар Абдулла Ресулдың көлігіне қойылған.
«Жарылыс Сербесті орамында болды. Шабуылды ұйымдастырудың артында нақты кім тұрғаны әзірге белгісіз. Ресул қаза болды. Көлікте болған екі әйел мен екі бала зардап шекті», — деді Хошван.
Оқиғаға қатысты тергеу басталды, деді губернатор.
Шабуылда қаза тапқан Расул Күрдтердің патриоттық одағының бұрынғы қосарлас төрағасы, партия қатарынан шығарылған Лахор Шейх Дженгиге жақын болғаны атап өтілді.