АСТАНА, 14 қазан. ТМД мүшелеріне пайда болған қауіп-қатерлерге, оның ішінде экстремизм мен терроризмге қарсы күрес саласында бірлесіп әрекет ету қажет. Бұл туралы жұма күні Достастық Мемлекет басшылары кеңесінің отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.
«Біз жаңа қауіп-қатерлерге жауап беру үшін алдын алу шараларын жедел әзірлеуіміз керек. Қазақстан терроризм мен экстремизмге қарсы күресте ынтымақтастықтың ұйымдық-құқықтық тетіктерін жетілдіру бойынша ТМД мемлекеттерінің бірлескен тәсілдеріне қосылады. Біз бүгін қабылданған экстремизмге қарсы іс-қимыл бағдарламасының міндеттерін жүзеге асыру үшін тығыз үйлестірілген жұмысқа дайын екенімізді білдіреміз», — деп келтіреді «ҚазАқпарат» агенттігі республика басшысының сөзін .
Ағымдағы саммиттің күн тәртібінде саясат, экономика және гуманитарлық салалардағы интеграциялық ынтымақтастық, ТМД аясындағы сауда-инвестициялық әріптестікті одан әрі дамыту және қауіпсіздік мәселелері бар.