АСТАНА, 14 қазан. Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон қауіпсіздік сын-қатерлерімен күресте бірлескен күш-жігерді арттыруға шақырды. Бұл туралы ол бейсенбі күні Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің (АӨСШК) саммитінде мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС .
«Халықаралық және аймақтық қауіпсіздікке әлі де терроризм, экстремизм, трансұлттық қылмыс, киберқылмыс ауқымының өсуі қауіп төндіреді. Осы сын-қатерлер мен қауіптерге қарсы күресте бірлескен күш-жігерді арттыру қажет», — деді Рахмон.