Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Тегеран мен Бағдад Ирак Күрдістанындағы лаңкестікпен күресуге келісті

АСТАНА, 16 қазан. Тегеран Ирактың Күрдістан аймағында «қарулы террористердің» үздіксіз болуына, сондай-ақ олардың Иранның қауіпсіздігіне қарсы әрекеттері мен қозғалыстарына жол бермейді. Бұл туралы сенбі күні Иран Сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдоллахиян Ирактың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Қасем әл-Араджимен кездесуінде мәлімдеді,деп ИРНА ресми ақпарат агенттігі хабарлайды. Бұл туралы Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.

Тегеран мен Бағдадтың барлық салаларда күшейіп келе жатқан байланыстарын кеңейту қажеттігін баса айтып Х.А.Абдоллахиян, Күрдістан аймағындағы екі жақтың қауіпсіздік және «қарулы лаңкестермен» қарсыласу саласында ынтымақтастық орнатуға шақырды.

К.әл-Араджи кездесу барысында Ирак үкіметінің Иранның қауіпсіздігіне қауіп төндіретін кез келген әрекетті тоқтату үшін шаралар қолданатынын атап өтті.

Соңғы жылдары Иран мен Ирактың батыс және солтүстік-батыс шекаралары ирандық қауіпсіздік күштері мен күрд содырлары арасындағы қақтығыстардың алынына айналды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *