Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Түрік әскері Сирияның солтүстігінде КЖП-ның 6 содырын өлтірді

АСТАНА, 17 қазан. Түрік әскерилері Сирияның солтүстігінде YPG (КЖП-ның сириялық қанаты – ред.) террористік ұйымының алты содырын залалсыздандырды, деп жазады Anadolu агенттігі .

Бұл туралы бейсенбі күні Түркияның Ұлттық қорғаныс министрлігі Twitter-де хабарлады.

Хабарға қарағанда, жойылған КЖП/YPG содырлары «Евфрат қалқаны», «Зәйтүн бұтағы» және «Бейбітшілік бұлағы» лаңкестікке қарсы операциялары аймақтарына шабуыл жасауға дайындалып жатқан.

Президент Режеп Тайып Ердоған 1984 жылдан бастап КЖП содырлары Түркияда қанды қылмыс жасағаннан бастап, 2020 жылдың наурызына дейін 7500 түрік қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері мен 6800 бейбіт тұрғын осы қанды ұйымның қолынан қаза тапқанын айтты.

АҚШ пен Еуропа Одағы КЖП-ны  лаңкестік ұйымдар тізіміне енгізді.

Анкараның жағдайды шешу жолдарын іздеуге тырысқанына қарамастан, КЖП  лаңкестік ұйымы 2015 жылдың шілдесінен бастап қарулы шабуылдарды қайта бастады.

Соңғы жылдары Күрдістанның жұмысшы партиясы аймақтағы қанды қылмыстар үшін жауапкершілікті өз тармақтарына жүктеуге тырысады.

Сирияда КЖП  лаңкестері PYD және YPG аттарымен жамылып жүр, ал соңғы екі жылда өздерін «Сирия Демократиялық Күштері» деп атады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *