АСТАНА, 18 қазан. Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон лаңкестік топтардың өз қызметін кеңейтіп, лаңкестік әрекеттерді жасау үшін заманауи технологияларды пайдаланып жатқанын айтты. Бұл туралы ол Душанбеде басталған терроризмге қарсы күрестегі халықаралық және аймақтық ынтымақтастық жөніндегі жоғары деңгейдегі конференцияда айтты, деп Sputnik Тәжікстанға сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.
Лаңкестік топтар бұл жағдайды теріс пайдаланып, экстремистік әрекеттерді кеңейтіп, оған жастарды көбірек тартып, лаңкестік әрекеттерді көтермелеп, соның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып жасауда», — деді Мемлекет басшысы.
Рахмон бүгінде экстремистік ұйымдар мен топтар өз қызметінде «арам мақсаттарға» жету үшін озық ақпараттық тетіктердің мүмкіндіктерін пайдаланып жатқанын атап өтті.
Оның пікірінше, «Ислам мемлекеті»* мен «Әл-Қаиданың»* қызметі кеңейіп, бұл мәселені шешу үшін, сондай-ақ экстремизмнің алдын алу үшін барлық елдер күш-жігерін үйлестіруі қажет.
Еске салайық, Тәжікстан астанасындағы шараны БҰҰ-ның Терроризмге қарсы күрес басқармасы, республика үкіметі, Орталық Азия үшін алдын алу дипломатиясының аймақтық орталығы, ЕҚЫҰ және ЕО бірлесіп ұйымдастырды.
Конференцияға министрлер, БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің, БҰҰ-ның терроризмге қарсы жаһандық стратегия бойынша құрылымдарының, халықаралық және аймақтық ұйымдардың, азаматтық қоғам институттарының өкілдері, шекара қауіпсіздігі жөніндегі сарапшылар қатысуда.
Нәтижесінде лаңкестікпен күресу және лаңкестердің қозғалысының алдын алу мақсатында шекара қауіпсіздігі және шекаралық бақылау саласындағы Душанбе декларациясы қабылданады.
* — Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым