АЛМАТЫ, 20 қазан. Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың төрағалығымен терроризмге қарсы комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды ҚР ТҚО.
Дін істері басқармасының басшысы Нұрлан Қикімов деструктивті діни ағымдарды ұстанушыларға қатысты, оның ішінде «Ақниет» ақпараттық-профилактикалық оңалту орталығы» қоғамдық қорының теолог мамандарын тарту арқылы жүргізілген профилактикалық іс-шаралардың нәтижелерімен таныстырды.
Алматы қаласы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Дархан Қанатбеков бөлімшенің қызметін қорытындылап, теологиялық жұмысты күшейту есебінен пенитенциарлық жүйе мекемелерінде жазасын өтеп жатқан/өтеген сотталғандарды оңалтудың тиімділігін арттыруды ұсынды.
Комиссия «тәуекел аймағы»деп аталатын кәмелетке толмағандардың радикалды идеологиясының ықпалынан әлеуметтендіру және қорғау бойынша бірқатар шаралар әзірледі.
Қаланы антитеррорлық қорғауды ұйымдастырудың проблемалық мәселелері қарастырылып, оларды шешудің тиісті жолдары ұсынылды.
Алматы қаласы бойынша Терроризмге қарсы комиссия отырысының қорытындысы бойынша бірқатар хаттамалық шешімдер қабылданды.