Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Түркияда арнайы операция барысында 543 FETÖ жақтастары ұсталды

АСТАНА, 20 қазан. Түркия полициясының сейсенбі күні елдің 59 провинциясында жүргізген операциясы барысында ел үкіметімен 2016 жылы мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекет жасады деп айыпталып  отырған желіге қатысы бар деген күдікпен 543 адам ұсталды, деп Түркияның ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу мәлімдеді. Бұл туралы Синьхуа агенттігіне сілтеме жасай отырып «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.

Ол баспасөз мәслихатында сегіз айға созылған тергеу  түрік үкіметі мемлекеттік аппаратқа еніп, 2016 жылғы 15 шілдеде төңкеріс жасауға әрекеттенді деп айыптап отырған Гүлен қозғалысының құрылымын, қаржылық ресурстарын тарту және кадрларды іріктеу үдерісін анықтауға бағытталғанын атап өтті.

С.Сойлудың айтуынша, қазіргі кезде 704 күдіктінің 543-і ұсталған, ұсталғандардың 17-сі мемлекеттік салада жұмыс істеген.

Операцияны өткізу туралы шешім Түркиядан тыс жердегі Гүлен қозғалысының жетекшілері ел ішіндегі мүшелеріне «ұйымның ыдырауына жол бермеуді, жеке бөлімшелер мен қаржылық қызметті қайта құруды және елдегі жұмысын жалғастыруды» тапсырғаны туралы ақпарат алғаннан кейін қабылданды  деді министр.

Ұйым  дүние жүзіндегі мектептерінің негізін қалаған,  қозғалыс ізбасарлары өздерінің рухани көшбасшысы санайтын мұсылман уағызшысы Фетхуллаһ Гүленнің атымен аталған.

 Анкара АҚШ-та жүрген Ф.Гүленді кем дегенде 250 адам қаза тапқан төңкеріс әрекетінің идеологиялық шабыттандырушысы болды деп айыптайды.

Түркия Ф.Гүленді экстрадициялауды талап етеді, бірақ Вашингтон Анкара оның кінәсін дәлелдейтін жеткілікті дәлел келтірмегенін айтып, эмиграцияға кеткен мұсылман уағызшысын экстрадициялаудан бас тартып отыр.

Төңкеріс әрекетінен кейін түрік үкіметі қозғалыспен байланысы бар деген күдікпен адамдарды жаппай қудалауды бастады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *