АСТАНА, 21 қазан. ЦАХАЛ баспасөз қызметі өткен түнде Яһудея мен Самарияда лаңкестік әрекетке күдікті адамдарды ұстауға бағытталған «Волнорез» кең ауқымды операциясы жалғасқанын хабарлады, деп NEWSru.co.il сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.
Операцияға әскерилер, шекара полициясының жауынгерлері және жалпы қауіпсіздік қызметінің (ШАБАК) қызметкерлері қатысты.
Операциялар Хеврон мен Дженин қалаларында, Турмусия және Дир Джарир ауылдарында жүргізілді. Бірқатар елді мекендерде қақтығыстар болды. Израильдіктер арасында зардап шеккендер жоқ.
Джениндегі операция барысындағы атыс кезінде бір содырдың көзі жойылды.
Жалпы, кеше түнде жүргізілген шаралар барысында іздеуде жүрген төрт адам ұсталды. Ұсталғандар жауап алу үшін ШАБАК тергеушілеріне тапсырылды. Қару мен оқ-дәрі тәркіленді, ұрланған көліктер табылды.