АСТАНА, 21 қазан. Түркияның Ұлттық барлау ұйымы (MİT) КЖП мүшелерін шетелде залалсыздандыру үшін тағы бір сәтті операция жүргізді, деп хабарлайды Anadolu агенттігі .
Анкарадағы қауіпсіздік құрылымдарындағы дереккөздерінің хабарлауынша, MİT қызметкерлері КЖП қастандық жасау бөлімінің басшысы Бурхан Пичакты Түркияға әкелген.
Содыр Ирактың солтүстік-батысындағы Синджар аймағында қолға түсті.
Арнайы қызметтердің мәліметінше, «Джаншер-Лашер» шақыру атымен белгілі Пичак, КЖП ұйымының қатарына 2015 жылы қосылған.
2019 жылы ол Сирияның солтүстігінде «Бейбітшілік бұлағы» операциясының алдын алу әрекеттеріне белсене қатысып, кейін Ирактың Мосул провинциясына көшті.