Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Сириядан Ресейге 40-қа жуық бала оралды

АСТАНА, 21 қазан. 38 ресейлік бала мінген ұшақ бейсенбіден жұмаға қараған түні Сириядан Чкаловский әуежайына келген, деп РФ Президенті жанындағы Балалар құқықтары жөніндегі уәкілдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ТАСС хабарлады.Бұл туралы  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

«Мария Львова-Белованың көмегімен 38 ресейлік бала Сириядан отанына оралды. 21 қазанға қараған түні Мәскеу түбіндегі Чкаловский аэродромына ресейлік балалар мінген Ресей Әуе-ғарыш күштерінің ұшағы келді. 4 пен 14 жас аралығындағы 38 бала үйлеріне оралды, оның 15-і қыз, 23-і ұл. Аэродромнан балалар федералды медициналық орталықтардың біріне жеткізілді», — делінген хабарламада.

Баспасөз қызметі балалар толық тексеруден өткеннен кейін туыстарына тапсырылатынын, Уәкіл аппаратының мамандары қажетті құжаттарды рәсімдеуге көмектесетінін, ал жергілікті балалар омбудсмендері бұл балалар мен олардың отбасыларына қолдау көрсететінін айтты.

«Қазіргі уақытта бала құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратында Сирия мен Иракқа кеткен 1000-нан астам немерелерінен, жиендерінен және балаларынан айырылған туыстарының өтініші бар», — деп атап өтті баспасөз қызметі.

Сондай-ақ олар балалар омбудсменімен бірге Сыртқы істер министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері де барғанын айтты. Ресей делегациясының құрамындағы сот-медициналық сараптама орталығының мамандары

келіп түскен өтініштерді өңдеу және туыстықты орнату және растау мақсатында босқындар лагеріндегі балалардан ДНҚ сараптамасы үшін биоматериал алды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *